Ресей теннисшісі Дарья Касаткина Аустралия азаматтығын алды
Ресейдің бұрынғы бірінші ракеткасы Дарья Касаткина Аустралия азаматтығын алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы 28 жастағы теннисші Instagram желісіндегі парақшасында Аустралия азаматтығын алғанын растайтын сертификатпен бірге жариялаған фотосы арқылы мәлімдеді.
«Ресми түрде - аустралиялықпын. Бақыттымын, ризамын және еркінмін», - деп жазды Касаткина.
Теннисші 2025 жылдың наурыз айының соңында Аустралияда тұруға ықтиярхат алып, сол уақыттан бері жарыстарда Аустралия атынан өнер көрсетіп келеді. Алайда биылғы маусым ол үшін сәтсіз өтті: WTA турнирлерінде бірде-бір титул жеңіп алмады, 19 матчта жеңіске жетіп, 22 кездесуде жеңілді. Бұл - 2019 жылдан бергі алғашқы маусым, онда оның жеңілістері жеңістерінен көп болды.
Қазіргі таңда Дарья Касаткина әлемдік рейтингте 48-орында тұр. Оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіші - 2022 жылдың қазан айында тіркелген 8-орын. Касаткинаның еншісінде WTA деңгейінде сегіз жүлде бар. 2021 жылы Ресей құрамасы сапында ол Билли Джин Кинг кубогының иегері атанған.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған