Мәзір
Теннис

Қазақстанның үздік теннисшісі маусымды жеңіспен түйіндеді

Сабина Асқарқызы 68 қаралым
Қазақстанның үздік теннисшісі маусымды жеңіспен түйіндеді

Әлемнің бесінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан World Tennis Continental Cup көрме турниріндегі кезекті кездесуінде швейцариялық Белинда Бенчичті (WTA рейтингісінде 11-орын) жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, биылғы маусымдағы жекелей сындағы соңғы ойынын жеңіспен аяқтады.

Айта кетейік, Шэньчжэнь турнирі аясында Елена Рыбакина аралас жұптық сында да бақ сынайды. Ол ресейлік теннисші Андрей Рублёвпен бірге Монако өкілі Валантен Вашро мен польшалық Ига Швёнтек дуэтіне қарсы кортқа шығады.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар