Қазақстанның екінші ракеткасы Қытайдағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 96-ракеткасы Александр Шевченко Чэнду қаласында (Қытай) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ширек финалда Шевченко жапониялық Таро Дэниелмен (ATP рейтингінде 168-орын) кездесті. Үш сетке созылған ойында қазақстандық спортшы мынадай нәтижемен жеңіске жетті:
1-партия — 7:6 (7:2),
2-партия — 3:6,
3-партия — 6:2.
Ойын уақыты — 2 сағат 5 минут. Шевченко 7 эйс орындап, 6 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ал қарсыласы 9 эйс пен 1 брейк жасады.
Жартылай финалда Александр Шевченко әлемнің тоғызыншы ракеткасы, турнирдің басты фавориті саналатын италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі. Музетти ширек финалда грузиялық Николоз Басилашвилиді 6:3, 6:3 есебімен ұтқан.
Чэнду турнирінің жалпы жүлде қоры — 1 190 210 АҚШ доллары. Жеңімпаз 181 065 доллар сыйақы мен 250 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, Шевченко қазіргі таңда қазақстандық ерлер теннисіндегі екінші нөмірлі ойыншы саналады.
Фото: Harry How/Getty Images


Ең көп оқылған
