457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирде сенсациялық жеңіліске ұшырады

Әйелдер арасындағы жұптық сында әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған Данилина бұл турнирде сербиялық Александра Крунич бірге өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 Майами турнирі аясындағы хард корттағы жарыстың алғашқы кезеңінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды malimsports.kz

Әйелдер арасындағы жұптық сында әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған Данилина бұл турнирде сербиялық Александра Крунич бірге өнер көрсетті. Олардың жұбы бесінші нөмірмен тіркелген болатын.

Бірінші айналымда Данилина мен Крунич қытайлық Цзян Синьюй және Сюй Ифань дуэтімен кездесіп, 6:3, 4:6, 4:10 (чемпиондық тай-брейк) есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық- сербиялық жұп екі эйс жасап, екі мәрте қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Осы жеңілістен кейін Данилина турнирден шығып қалды, нәтижесінде Майамидегі жарыстың әйелдер жұптық кезеңінде Қазақстан өкілдері қалмады.

Ал жекелей сында Қазақстан намысын Елена Рыбакина мен Александр Шевченко қорғауды жалғастырып жатыр.

Фото: Getty Images