Қазақстандықтар Уимблдонды тікелей эфирде тамашалай алады
Қазақстандық спорт жанкүйерлері әлемдегі ең беделді теннис турнирлерінің бірі – Уимблдонды «QAZSPORT» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды malimsports.kz.
29 маусымда басталатын «Үлкен дулыға» турнирінде Қазақстан намысын жекелей сында Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева қорғайды. Ал жұптық сында елдің бірінші ракеткасы Анна Данилина өнер көрсетеді.
Турнир барысында көрермендер ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей және жұптық кездесулерді, сондай-ақ шешуші кезеңдердің матчтарын тікелей эфирден тамашалай алады.
Фото: wimbledon.com
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған