457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық жас теннисші Армения турнирінде жеңімпаз атанды

Финалдық кездесуде Габриель ресейлік теннисшімен шеберлік байқасты.

Армения астанасы Ереванда 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Tennis Europe сериясы бойынша халықаралық турнир аяқталды, деп жазады malimsports.kz

Аталған доданың шешуші ойынында қазақстандық жас талант Габриель Брегвадзе айқын басымдық көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Финалдық кездесуде Габриель ресейлік теннисшімен шеберлік байқасып, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл жетістік жас спортшының халықаралық аренадағы мансабының табысты басталуына жол ашты.
Айта кетерлігі, жас жеңімпаз Вера Тихомирова-Брегвадзенің жетекшілігімен шеберлігін шыңдап келеді.

Фото: ҚТФ