457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық үстел теннисшілері WTT Youth Contender Almaty турнирінде бір күнде үш медаль жеңіп алды

Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender Almaty 2026 жасөспірімдер турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

24-27 шілде аралығында Алматыда 17 елдің үздік жас үстел теннисшілері WTT рейтингтік ұпайлары мен жүлделері үшін бақ сынап жатыр.

Еске салсақ, турнирдің алғашқы күнінде U15 жас санатындағы аралас жұптық сында Олег Яковлев пен Мария Лукьянова қола жүлдеге ие болған еді.

Ал екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты.

U13 жас санатында Дулат Ералхан күміс жүлдеге қол жеткізсе, Олег Яковлев қола медаль иеленді.

Осылайша, екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде бір күміс және екі қола медаль бар.

 

Фото: Үстел теннис федерациясы