Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен халықаралық WTT Feeder Parma турнирінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандық спортшылар аралас жұптық сын бойынша қола медальді жеңіп алды.
Жарыстың негізгі нәтижелері:
1/8 финал: Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова – Нандан Нареш / Лилу Массарт (АҚШ/Бельгия) – 3:2
Ширек финал: Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова – Хармит Десаи / Криттвика Рой (Үндістан) – 3:2
Жартылай финал: Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова – Чо Сынмин / Ю Сиу (Корея) – 0:3
Қазақстандық спортшылар жартылай финалда Кореяның тәжірибелі жұбына жол беріп, үшінші орынға тұрақтады. Бұл нәтижесі Қазақстан үстел теннисі саласындағы халықаралық жетістіктер қатарын толықтырды.
Фото: ҰОК