Бүгін Қытай астанасы Бейжіңде үстел теннисінен беделді China Smash 2025 халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарысқа әлемнің үздік ойыншылары қатысады. Олардың қатарында:
әлемдік рейтинг көшбасшысы Ван Чуцинь (Қытай),
№2 Линь Шидун (Қытай),
№3 Уго Кальдерано (Бразилия),
№4 Томокази Харимото (Жапония),
№5 Трулс Морегард (Швеция),
№6 Лян Цзинкунь (Қытай),
№7 Феликс Лебрун (Франция),
№8 Бенедикт Дуда (Германия),
№9 Сян Пэн (Қытай),
№10 Дарко Йоргич (Словения).
Қазақстан атынан бұл турнирге Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева қатысады. Олар іріктеу кезеңінде жарыс жолына шығады.
Герасименконың қарсыласы – ирандық Амирреза Аббаси,
Ақашеваның қарсыласы – қытайлық Яо Жуйсюань.
Фото: ҰОК