Үстел теннисінен халықаралық санаттағы ең жоғары деңгейдегі маман, Blue Badge төрешісі Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында төрелік қызмет атқарады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді. Қазақстандық маман Азия ойындары төрешілер құрамына кірген алғашқы төрешілердің бірі болып отыр.
Айта кетейік, Тимур Ходжаев бұған дейін Азия чемпионаты мен басқа да ірі халықаралық жарыстарда төрелік етіп, тәжірибесін жоғары деңгейде дәлелдеген.
Фото: ҰОК