Мәзір
Теннис

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 86 қаралым
Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Анталиядағы (Түркия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жарыстың 4-ракеткалары ретінде тіркелген қазақстандық жұп ширек финалда мажарстандық Мелинда Биро мен аустриялық Клаудиа Гаспаровичті 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Енді Асылжан мен Іңкәр финалға шығу үшін турнирдің 1-ракеткасы, жапониялық Нанари Катсуми мен Ринко Мацуда жұбымен кездеседі.

Айта кетейік, Асылжан Арыстанбекова жекелей сында дәл осы Н.Катсумиге 1/16 финалда 4:6, 3:6 есебімен жол беріп қалған болатын.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар