Мәзір
Теннис

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 190 қаралым
Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбеков мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп бастапқы кездесуінде украиналық апалы-сіңлілі Серафима — София Васильеваны 6:0, 6:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

А.Арыстанбекова - І.Дүйсебай жартылай финалға шығу үшін мажарстандық Мелинда Биро - аустриялық Клаудиа Гаспаровичпен таласады.

Тағы бір қазақстандық дуэт Амира Қазтуған  - Яна Ким алғашқы айналымда түркиялықтар Минел Наз Кайнак - Зейнеп Полатқа жол берді - 2:6, 0:6.

Жекелей сында іріктеу сайыстарында алты қазақстандық теннисшінің арасынан А.Арыстанбекова ғана финалдық бәсекеге дейін жетті. Бірақ іріктеудің финалында ол марокколық Айе Эль Ауниге есе жіберді - 2:6, 1:6. Соған қарамастан, қазақстандық теннисші негізгі жарысқа жолдама алды. Онда бастапқы айналымда жапониялық Нанари Катсумимен шеберлік таластырады.

Фото: instagram.com/ingkar_dyussebay

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар