Мәзір
Теннис

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирде үздік шықты

Сабина Асқарқызы 104 қаралым
Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирде үздік шықты

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Қазақпараттың жазуынша, жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық жұп финалда армениялық Ани Амирагян – түркиялық Ада Кумрумен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Армениялық-түркиялық дуэт матчты сәтті бастады – 7:5. Дегенмен бұдан кейін қазақстандықтар ойын тізгінін қолына алды – 6:4.

Супер тай-брейкте Асылжан мен Іңкәр жеңісті жұлып алды – 11:9.

Бұған дейін А.Арыстанбекова мен І.Дүйсебай тамыз айында Астанада Президент кубогы үшін өткен ITF W15 додасында үздік шыққан еді.

Фото: _arstnbkva_a_

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар