Мәзір
Теннис

Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турниріне қатысады

Сабина Асқарқызы 107 қаралым
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турниріне қатысады

Бүгін АҚШ-та теннистен әйгілі Индиан-Уэллс мастерс турнирі басталды. Аталған додада қазақстандық теннисшілер де бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінде үшінші ракетка ретінде тіркелген Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Қазақстандық теннисші бұл кезеңде әлемнің 43-ракеткасы, америкалық Хейли Баптист немесе рейтингіде 108-орында тұрған Эмилиана Арангоның қай жеңгенімен кездеседі.

Әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 106-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен ойнайды.

Ерлер арасында мастерс турнирінде 10-ракетка ретінде тіркелген Александр Бублик те жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 76-ракеткасы, франциялық Артур Казо немесе рейтингіде 145-сатыдағы америкалық Майкл Чжэннің бірімен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 88-ракеткасы Александр Шевченко алғашқы кездесуін іріктеу кезеңінен өткен спортшылардың бірімен өткізеді. Егер Шевченко екінші айналымға жолдама алса, онда әлемнің 13-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен кездесуі мүмкін.

Индиан-Уэллс турнирі 4-15 наурыз аралығында өтеді.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар