WTA жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Юлия Путинцева 105-тен 94-орынға көтеріліп, екінші айналымда франциялық Эльза Жакомомен ойнайды. Ал жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 14-орында қалды.
ATP рейтингісінде Александр Бублик 10-сатыда, Александр Шевченко 104-тен 97-орынға көтеріліп, ТОП-100-ге қайта кірді. Тимофей Скатов 183 (+12), Бейбіт Жұқаев 261 (+4), Михаил Кукушкин 262 (+31), Денис Евсеев 367 (+12) сатыға көтерілді.
Зарина Дияс рейтингте 285-тен 276-орынға көтерілді.
Фото: ҚТФ