457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық теннисші "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алды

Жартылай финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, жапониялық Сюко Аояма мен Тайбэй өкілі Энь Шуо Лянға қарсы ойнады.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Жартылай финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, жапониялық Сюко Аояма мен Тайбэй өкілі Энь Шуо Лянға қарсы ойнады.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесу екі сетке созылды. Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Енді шешуші кездесуде Анна Данилина мен Александра Крунич АҚШ теннисшісі Тэйлор Таунсенд пен чехиялық Катерина Синяковамен алтын медальді өзара сарапқа салады.

Фото: ҰОК