Мәзір
Теннис

Қазақстандық теннисші Гаагадағы турнирде сенсация жасады

Сабина Асқарқызы 55 қаралым
Қазақстандық теннисші Гаагадағы турнирде сенсация жасады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нидерландтың Гаага қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирін сенсациялық жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемдік рейтингте 457-орында тұрған қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 170-ракеткасы әрі турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы, италиялық Нурия Бранкаччомен кездесті.

Кездесудің алғашқы сетінде италиялық теннисші 6:2 есебімен басым түсті. Алайда Құламбаева ойын барысын өз пайдасына өзгертіп, келесі екі партияда 6:1 және 6:4 есебімен жеңіске жетіп, камбэк жасады.

Матч 2 сағат 11 минутқа созылды.

Осылайша, Жібек Құламбаева жарыстың басты фаворитін турнирден шығарып, екінші айналымға жолдама алды. Ширек финалға шығу үшін ол Германия өкілі Жоэль Лилли-Софи Стойрмен кездеседі.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар