Мәзір
Теннис

Қазақстандық теннисші беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 194 қаралым
Қазақстандық теннисші беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина (WTA жұптық рейтингінде – 12-орын) сербиялық әріптесі Александра Круничпен (25-орын) бірге Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда Данилина мен Крунич жұбы канадалық Бьянка Андрееску (177-орын) және қытайлық Юэ Юаньді (109-орын) 6:4, 7:6 есебімен ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық және сербиялық теннисші жұбы неміс Лаура Зигемунд (57-орын) пен венгр Фанни Штоллармен (31-орын) кездеседі.

Ухань турнирі 6-12 қазан аралығында өтуде. Турнирдің жүлде қоры – 3 654 963 АҚШ доллары.

Фото: Olympic.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар