Қазақстандық теннисші АҚШ турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Аркейдия (АҚШ) ITF W35 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпарттың жазуынша, қазақстандық спортшы америкалық Саванна Бродуспен бірге әуелі АҚШ өкілі Мая Айенгар - словакиялық Мартина Окалованы қапы қалдырды - 6:4, 6:0.
С.Жиенбаева - С. Бродус ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалықтар Алана Смит - Акаша Урхобомен шеберлік байқасты.
Матч 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық-америкалық жұптың пайдасына шешілді.
Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.
Соня Жиенбаева - Саванна Бродус финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, америкалықтар Эрин Каэтано - Хейли Джаварамен таласады.
Жекелей сында дүниежүзілік рейтингіде 1 018-орында тұрған С.Жиенбаева осы турнирде бастапқы айналымда әлемнің 369-ракеткасы Э.Каэтаноға жол берді - 2:6, 4:6.
Фото: ҚР ҰОК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған