Мәзір
Теннис

Қазақстандық екі теннисші Францияда негізгі жарысқа жолдама алды

Сабина Асқарқызы 202 қаралым
Қазақстандық екі теннисші Францияда негізгі жарысқа жолдама алды

Қазақстандықтар Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кукушкин Лион (Франция) челленджер турнирінің іріктеу кезеңін сәтті өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Қазақпараттың жазуынша, әлемдік рейтингте 282-орында тұрған Б.Жұқаев іріктеу сайысының жартылай финалында әлемнің 263-ракеткасы, литвалық Эдас Бутвиласты 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Бейбіт іріктеудің финалында әлемнің 207-ракеткасы, ұлыбританиялық Джордж Лоффагеннен айласын асырды – 6:4, 6:4.

Рейтингіде 317-сатыдағы М.Кукушкин алдымен әлемнің 201-ракеткасы, бельгиялық Жиль-Арно Бэйиді ойсырата жеңді – 6:1, 6:3.

Содан кейін қазақстандық теннисші әлемнің 277-ракеткасы, ресейлік Марат Шариповты жолдан тайдырды – 6:4, 6:4.

Осылайша, негізгі кезеңге жолдама алған Б.Жұқаев алғашқы айналымда әлемнің 100-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфпен, М.Кукушкин рейтингте 124-орындағы ұлыбританиялық Билли Харриспен шеберлік байқасады.

Фото: Қазақпарат

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар