«Қазақстанды танытқаныма мақтанамын»: Елена Рыбакина жанкүйерлеріне үндеу жолдады
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік теннистің жұлдызы Елена Рыбакина маусым қорытындысы бойынша өз жанкүйерлеріне алғыс айтып, Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Теннисші бұл жазбасын WTA маусымдық финалдық турнирінде жеңіске жеткеннен кейін жариялады.
«Қымбатты достар, менің сүйікті жанкүйерлерім! Әрқайсыңызға керемет қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын — трибунада, экран алдында, хабарламаларда және әр матчтан кейін айтқан жылы сөздеріңіз үшін. Мен Қазақстанды танытқаныма және сіздерге қуаныш пен жеңіс сыйлай алғаныма мақтанамын. Ең қуаныштысы — барған сайын көбірек балалардың теннис ракеткасын қолына алып жатқанын көру. Егер менің ойыным сіздерді армандауға, еңбек етуге және өзіңізге сенуге шабыттандырса — бұл менің ең үлкен жеңісім.
Алда мені қысқа демалыс пен жаңа дайындық күтіп тұр. Жеңістер мен қиын сәттерде де менімен бірге болғандарыңыз үшін рахмет. Сіздердің сенімдеріңіз — менің тірегім. Кортта кездескенше! Алға, Қазақстан!» — деп жазды Рыбакина.
Айта кетейік, Елена Рыбакина алғаш рет мансабында WTA маусымдық финалдық турнирінің чемпионы атанды. Бұл жеңіс оның 2024 жылғы маусымды әлемдік рейтингтің 5-орнында аяқтауына мүмкіндік берді.
Фото:
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған