Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен WTA Youth Contender халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы бұл жарыста тоғыз медаль еншіледі.
Жекелей сын:
U11 – 2-орын: Аделя Алжанова, 3-орын: Шохина Миркодирова
U13 – 1-орын: Жәния Бекмұхамбетова
U15 – 2-орын: Алексей Маркин
Аралас жұптық сын:
U15 – 1-орын: Алексей Маркин / Айназ Әділгереева, 2-орын: Кирилл Берников / Арайлым Сапабек, 3-орын: Дагир Данияров / Жәния Бекмұхамбетова
U19 – 1-орын: Абдулла Мамай / Алиса Цвигун, 3-орын: Нұрбол Тоқтамыс / Елизавета Лаврова
Фото: ҰОК