Қазақстан теннисшісі АҚШ турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге жартылай финалда венесуэлалық София Елена Кабезас Домингес — америкалық Ерин Кайетаномен ойнады.
Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп айқын басымдылық танытты — 6:1. Олар екінші сетте де есесін жібермеді — 6:4.
Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.
Соня Жиенбаева — Саванна Бродус финалда америкалықтар Виктория Осигве — Алана Смитпен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 жарысында жартылай финалға дейін жетті.
Аружан мысырлық Ясмин Эззатпен бірге жартылай финалда германиялық Карла Бартель — чехиялық Амели Хейтманковаға есе жіберді — 6:7 (5:7), 4:6.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған