457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан теннисшілері Астана турнирінің финалына шықты

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп үш кездесуін жеңіспен аяқтады. 

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Астана ITF W15 турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп үш кездесуін жеңіспен аяқтады. 

Іңкәр мен Асылжан жартылай финалда ресейліктер Эдда Мамедова - Полина Старковадан айласын асырды – 5:7, 7:5, 10:4.

А.Арыстанбекова – І.Дүйсебай финалда жапониялықтар Ринко Мацуда – Сера Нишимотомен чемпиондық атақты сарапқа салды. Жеңіс жапониялық жұптың еншісінде кетті – 6:3, 6:1. 

Осылайша, қазақстандық дуэт екінші рет қатарынан Астана турнирінің финалына дейін жетіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Өткен аптада Асылжан мен Іңкәр соңғы бәсекеде оңтүстіккореялық Гауль Джанг – ресейлік Мария Шолоховаға есе жіберген еді – 4:6, 2:6. 

Қазақстанның ерлер арасында екінші, әлемнің 100-ракеткасы Александр Шевченко жекелей сында Гштаад (Швейцария) ATP 250 турнирінің жартылай финалында ойнады. 

Қазақстандық теннисші тартысты матчта кезінде әлемдік рейтингіде үшінші орынға дейін көтерілген, қазір 85-сатыдағы грекиялық Стефанос Циципасқа есе жіберді – 4:6, 6:3, 3:6. 

Бір сағат 53 минутқа созылған бәсекеде А.Шевченко 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Циципас 3 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Осылайша, Александр Шевченко финалдан тыс қалды.

Фото: _arstnbkva_a_