457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан теннисі әлемдегі ең үздік үштікке енді

Қазіргі таңда мұндай көрсеткішке тек АҚШ пен Италия ғана қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы теннистен ерлер және әйелдер арасында әлемдік рейтингтің алғашқы ондығында ұсынылған елдердің қатарына енді, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазіргі таңда мұндай көрсеткішке тек АҚШ пен Италия ғана қол жеткізді. Бұл ұлттық құрама көшбасшыларының табысты өнер көрсетуінің арқасында мүмкін болды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінің үздік ондығындағы орнын тұрақты түрде сақтап, 2026 жылды бесінші орынмен бастады.

Ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жуырда Гонконгта өткен ATP турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы тоғызыншы титулын жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша ол ATP әлемдік рейтингінде 10-орынға көтерілді. Бұл еліміздің ерлер теннисі тарихындағы тұңғыш көрсеткіш.

Сонымен қатар Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының рейтингінде де үздік ондықтың қатарында тұр.

Фото: ҰОК