Мәзір
Теннис

Қазақстан құрамасы Кореямен Дэвис кубогында кездеседі

Сабина Асқарқызы 21 қаралым
Қазақстан құрамасы Кореямен Дэвис кубогында кездеседі

Қазақстанның теннис құрамасы 12–13 қыркүйек күндері Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында Дэвис кубогының Бірінші әлемдік топтағы плей-офф кезеңінде Корея Республикасының командасына қарсы өнер көрсетеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

 Бұл туралы ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бас бапкер Юрий Щукин бастаған жаттықтырушылар штабы келесі ойыншыларды таңдады: Александр Бублик, Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Бейбіт Жұқаев.

Кездесулер Songam Sport Town кешенінің хард жабыны бар кортында өтеді. Дэвис кубогындағы іріктеу матчтары төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады. Барлық ойындар үш сеттен тұратын форматта ойналады.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар