Мәзір
Теннис

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакомен Астанада ойнайды

Сабина Асқарқызы 73 қаралым
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакомен Астанада ойнайды

6-7 ақпан күндері Астанада теннистен Дэвис кубогының іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақстан ерлер құрамасы бірінші әлемдік топтағы орнын сақтау үшін Монако командасымен кездеседі.

Ел құрамасы бұл матчқа өз алаңында ең мықты құраммен шығады. Бапкерлер штабы Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеевті қатарға қосты.

Кездесулер Beeline Arena ұлттық теннис орталығының жабық хард кортында өтеді. Турнир бағдарламасында төрт жекелей және бір жұптық матч бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Davis Cup Nations Ranking рейтингінде 31-орында тұр. Ал Монако командасы 44-сатыда орналасқан.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар