457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының жартылай финалына шыға алмады

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 2025 жылғы Билли Джин Кинг кубогының Қазақстан және АҚШ құрамалары арасындағы ширек финалдық матчы аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудің тағдыры үшінші жұптық кездесуде шешілді. Кортқа Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева шықты. Қазақстандық дуэт жеңіс үшін бар күшін салғанымен, тәжірибесі мол Джессика Пегула мен Тейлор Таунсендтен 2:6, 6:7 (1:7) есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, екінші сетте біздің спортшылардың сетбол алуға мүмкіндігі болған еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты ширек финалда аяқтап, тарихта алғаш рет әлемдік командалық чемпионаттың жартылай финалға жолдама ала алмады.

 

Фото: ҚТФ