457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы Дэвис кубогының плей-офф жеребесі тартылды 

Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында Дэвис кубогы аясындағы Бірінші әлемдік топтың плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті

Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында Дэвис кубогы аясындағы Бірінші әлемдік топтың плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл кезеңде Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары өзара кездеседі.

Аталған ойын 12 және 13 қыркүйек күндері Songam Sport Town спорт кешеніндегі хард төсенішіндегі кортта өтеді.

12 қыркүйекте жарыс күнін Александр Шевченко мен Чон Хён арасындағы матч ашады. Осыдан кейін кортқа Александр Бублик пен Квон Сун Ву шығады.

13 қыркүйекте жұптық кездесуде Бейбіт Жукаев пен Тимофей Скатов Нам Чжи Сун және Пак Уй Сунмен кездеседі. Бұдан кейін тағы екі жекелей матч жоспарланған: Шевченко – Чон Хён, Бублик – Квон Сун Ву.

Плей-офф кезеңі төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Барлық матчтар үш сетке дейін ойналады. Жарыс регламентіне сәйкес, әр құраманың капитаны ойын басталардан бір сағат бұрын ойыншыны ауыстыру құқығына ие.

Фото: ҚР теннис федерациясы