Мәзір
Теннис

Қазақстан бадминтоншылары Сингапурдағы халықаралық турнирде бақ сынайды

Сабина Асқарқызы 40 қаралым
Қазақстан бадминтоншылары Сингапурдағы халықаралық турнирде бақ сынайды

Бадминтоннан Сингапурда халықаралық турнир басталып, жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан атынан бұл додада Хайтмурат Кульматов, Арнур Тапишев және Махсут Таджибуллаев өнер көрсетеді.

Турнирге әлемнің 25 елінен барлығы 246 спортшы қатысып жатыр.

Сингапурдағы халықаралық жарыс 23 тамызға дейін жалғасады.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар