Мәзір
Теннис

Қазақстан Алматыдағы WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 44 қаралым
Қазақстан Алматыдағы WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтіп жатыр. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы аралас жұптық сында Олег Яковлев пен Мария Лукьянова қола медаль жеңіп алды.

Турнир барысында қазақстандық жұп Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Малайзия өкілдерінен басым түсті. Ал жартылай финалда Үндістан құрамасына есе жіберіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Алматыдағы WTT Youth Contender турнирі жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар өзге жас санаттарында да жүлделер үшін күресін жалғастыруда.

 

Сурет: Арлан Олжабай

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар