457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қатар турниріне қатыстатын қазақстандық үстел теннисшілерінің қарсыластары анықталды

Жарысқа әлемнің көптеген мықты спортшылары қатысады.

13-18 қаңтар аралығында Дохада (Қатар) үстел теннисінен WTT Star Contender Doha турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Жарысқа әлемнің көптеген мықты спортшылары қатысады. Олардың қатарында Лин Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томокази Харимото (Жапония, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №7), Лин Юн-Чжу (Тайбэй, №9), Куай Мэн (Қытай, №3), Чжу Юлин (Макао, №7), Че И (Қытай, №8), Шин Юбин (Оңтүстік Корея, №12) бар.

Қазақстан атынан Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді. Жеребе қорытындысы бойынша олардың іріктеу кезеңінің алғашқы айналымындағы қарсыластары анықталды.

Жекелей сын

Ескендір Харки - Али Альхадрави (Сауд Арабиясы).

Сарвиноз Миркадирова - Марьям Али (Қатар).

Әйелдер арасындағы жұптық сын

Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) - Маника Батра / Дия Читале (Үндістан).

Аралас жұптық сын

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай).