457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Путинцева жұптық сындағы жартылай финалдан бас тартты

Теннисші жұптық сында италиялық Элизабетта Коччареттомен бірге жартылай финалға дейін жеткен еді.

Қазақстанның әйелдер арасындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстонда өткен WTA 500 санатындағы топырақ жабындысындағы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Теннисші жұптық сында италиялық Элизабетта Коччареттомен бірге жартылай финалға дейін жеткен еді. Олар келесі кезеңде америкалықтар Дезире Кравчик пен Кэти Макнеллиге қарсы ойнауы тиіс болатын. Жартылай финал 4 сәуірге жоспарланған.

Алайда турнир ұйымдастырушылары Коччареттоның сол аяғынан жарақат алғанын хабарлады. Осыған байланысты ол Путинцевамен бірге жарыстан бас тартты.

Нәтижесінде Кравчик пен Макнелли финалға жолдама алып, шешуші кездесуде венгриялық Анна Бондарь мен польшалық Магдалена Френхпен кездеседі.

Чарльстондағы бұл нәтиже Путинцеваға жұптық рейтингте айтарлықтай көтерілуге мүмкіндік береді. Ол 207-орыннан кем дегенде 142-орынға көтеріледі. Ал жекелей сында қазақстандық теннисші турнирді екінші айналымда аяқтаған еді.

Фото: Getty Images