Мәзір
Теннис

Путинцева Қытайдағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 148 қаралым
Путинцева Қытайдағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті

Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі, әлемдік рейтингте 75-орында тұрған Юлия Путинцева Қытайдың Цзюцзян қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың 5-нөмірлі ракеткасы атанған қазақстандық спортшы алғашқы ойынында әлемнің 107-ракеткасы, андорралық Виктория Хименес-Касинцевамен күш сынасты.

Бірінші сетте Путинцева 6:3 есебімен айқын басымдық танытса, екінші партияда қарсыласына мүлде мүмкіндік бермей, 6:1 нәтижесімен кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Барлығы 1 сағат 20 минутқа созылған матчта Юлия 3 эйс орындап, 12 брейк-пойнттың 5-еуін тиімді пайдаланды. Ал Хименес-Касинцева бар болғаны бір брейкпен шектелді.

Енді Путинцева ширек финал жолдамасын рейтингте 309-орындағы қытайлық Чжэн Ушуан немесе әлемнің 115-ракеткасы, украиналық Юлия Страдубцевамен кездесу арқылы сарапқа салады.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар