Путинцева Монтеррей турнирінде келесі айналымға өтті
Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іріктеу кезеңінде бесінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде әлемдік рейтингте 431-орында тұрған мексикалық Виктория Родригесті екі сетте жеңді – 6:4, 6:3.
Бір сағат 25 минутқа созылған кездесуде Путинцева 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың төртеуін өз пайдасына шешті. Ал Виктория Родригес 1 эйс орындап, 5 брейк-пойнттың екеуін ғана тиімді пайдалана алды.
Енді Юлия Путинцева іріктеу кезеңінің финалында әлемнің 67-ракеткасы, аустралиялық Майя Джойнтпен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы 23-29 тамыз аралығында өтетін WTA 500 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алады.
Фото: ҚТФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған