Президент кубогі: Бейбіт Жұқаев екінші айналымға шықты
Астанада теннистен Президент кубогі үшін ATP Challenger турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың алғашқы айналымында әлемнің 419-ракеткасы Бейбіт Жұқаев отандасы, рейтингте 629-орында тұрған 18 жастағы Әмір Омархановпен кездесті.
25 жастағы Жұқаев тәжірибесінің арқасында басымдық танытып, қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.
Матч барысында қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Омарханов 4 эйс орындап, 4 брейк-пойнттың екеуін сәтті жүзеге асырды.
Бейбіт Жұқаев ширек финалға жолдама үшін әлемнің 299-ракеткасы, турнирдің екінші нөмірлі теннисшісі түркиялық Мерт Алкаямен кездеседі.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған