Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Айтулы доданың 13-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 4-орында тұрған америкалық Тейлор Фрицпен шеберлік байқасты.
Қарсыластар бұған дейін алты рет кездесіп, үшеуінде Бублик, үшеуінде Фриц басым түскен. Екеуі соңғы рет былтыр Париждегі Олимпиада ойындарының 1/32 финалында кездесіп, америкалық теннисші екі сетте – 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
Қос теннисшінің бұл жолғы Париждегі кездесуі қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Әдеттегідей, матч екі сетке созылып, Бублик 7:6, 6:2 есебімен басым түсті.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін бүгін әлемнің 6-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минормен таласады.
Фото: ҚТФ