Өзбекстандық теннисші Australian Open турнирінде рекордтық жетістікке қол жеткізді
Өзбекстан әйелдер арасындағы жекелей сындағы үшінші ракеткасы Полина Кудерметова 2026 жылғы Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте 150-орында тұрған теннисші алғашқы айналымда іріктеу кезеңінен өтіп, негізгі торға шыққан испаниялық Гуйомар Маристани Сулета де Реалеспен (WTA №185) кездесті.
Кездесу небәрі екі сетке созылып, Кудерметованың айқын басымдығымен аяқталды - 6:2, 6:3. Ойын уақыты 1 сағат 20 минутты құрады.
Бұл жеңіс Полина Кудерметова үшін тарихи нәтиже болды. Бұған дейін ол Australian Open турнирінің екінші кезеңіне бұған дейін өте алмаған еді.
Келесі айналымда өзбекстандық спортшы венгриялық Далма Галфи мен даниялық Клара Таусон арасындағы матчтың жеңімпазымен кортқа шығады.
Айта кетейік, Полина Кудерметова бұған дейін Ресей құрамасының намысын қорғаған. Оның Өзбекстан туы астында өнер көрсетуі туралы ресми ақпарат желтоқсан айында жарияланды. Соңғы айларда дәл осындай шешімді Камилла Рахимова мен Мария Тимофеева да қабылдаған болатын.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған