457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрланұлы Кореядағы жарыста топ жарды

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы беделді ITF Juniors турнирлерінің J300 санатындағы жарыс аяқталды. 

Бұл жарыс дәстүрлі түрде Азияның бейресми чемпионаты болып саналады.

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) өзінің әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі көшбасшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Финалда еліміздің 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен(41-орын) кездескен еді. Бұл екі спортшы бұған дейін де 2024 жылдың күзінде жасөспірімдер арасындағы Дэвис Кубогының финалдық кезеңінде жолыққан болатын. Сол кезде Заңғар қарсыласын 7:6, 6:2 есебімен жеңген еді.

Алайда бұл жолы қазақстандық теннисші қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Финалдық есеп - 6:2, 6:1, Заңғар Нұрланұлының пайдасына.

Бұл жеңіс Заңғардың хардтағы екінші қатарынан алған титулы болды. Өткен аптада ол Кореяның басқа қаласы - Чхунчхонда өткен J200 турнирінде де топ жарған еді. Осылайша, Нұрланұлының хард корттағы жеңісті сериясы соңғы 11 ойында 11 жеңіске жетті.

Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі