457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Новак Джокович рекордтық матчтан кейін Уимблдонның жартылай финалына шықты

Бұл Уимблдон тарихындағы ширек финал кезеңіндегі ең ұзақ матч ретінде тіркелді.

Сербиялық теннисші Новак Джокович Уимблдон-2026 турнирінің ширек финалында канадалық Феликс Оже-Альяссимді бес сетке созылған тартысты кездесуде жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды  malimsports.kz

5 сағат 15 минутқа созылған матч 7:6 (12:10), 3:6, 6:3, 6:7 (4:7), 7:6 (10:4) есебімен Джоковичтің пайдасына аяқталды. Бұл Уимблдон тарихындағы ширек финал кезеңіндегі ең ұзақ матч ретінде тіркелді.

Жартылай финалда 39 жастағы сербиялық теннисші турнирдің қазіргі чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен кездеседі.

Бұл Джоковичтің Уимблдондағы қатарынан сегізінші жартылай финалы болды. Сондай-ақ ол Ашық дәуір тарихында ерлер арасындағы жекелей сында Уимблдонда 120 матч өткізген алғашқы теннисші атанып, жаңа рекорд орнатты.

Бұдан бөлек, Джокович «Үлкен дулыға» турнирлерінде бес сетке созылған кездесулер саны бойынша да жеке дара көш бастады. Бұл оның мұндай форматтағы 50-ші жеңісті матчы болды.

Айта кетейік, Новак Джокович - 24 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы және мансабында жекелей сында 101 титул жеңіп алған.

Фото: Ашық дереккөзден