Новак Джокович Карлос Алькараспен АТР турнирінде бір топқа түсті
Биылғы маусымның қорытынды ATP турнирінің топтық кезеңінің жеребесі Италияның Турин қаласында өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Маусымның соңғы турнирінде жыл бойы ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз ойыншы бақ сынайды. Ерлер арасындағы жекелей сында қазіргі таңда жеті қатысушының есімі белгілі. Соңғы жолдама әзірге бос тұр. Егер италиялық Лоренцо Музетти осы аптада Афинада өтіп жатқан турнирде жеңіске жетсе, ол сегізінші қатысушы болады. Егер бұлай болмаса, жолдама канадалық Феликс Оже-Альяссимге беріледі.
Сегіз ойыншы екі топқа бөлінді. Топтық кезеңде әр спортшы үш матч өткізеді. Әр топтан екі үздік теннисші жартылай финалға жолдама алады.
Джимми Коннорс тобына испаниялық Карлос Алькарас (№1), сербиялық Новак Джокович (№4), америкалық Тейлор Фритц (№5) және австралиялық Алекс де Минаур (№7) түсті.
Бьорн Борг тобына италиялық Янник Синнер (№2), германиялық Александр Зверев (№3), америкалық Бен Шелтон (№6) және Оже-Альяссим/Музетти (№8) кірді.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған