457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Новак Джокович ерекше рекордқа қол жеткізді

Сербиялық теннисші Новак Джокович маусымды алғашқы мастерс турнирін жеңіспен бастап, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол Indian Wells Open турнирінің екінші айналымында әлемнің 57-ракеткасы Камил Майхржакты 4:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс Джокович үшін мастерс санатындағы турнирлерде кемінде бір матчта жеңіске жеткен 22-маусым болды. Оның бұл сериясы 2005 жылдан бері жалғасып келеді.

Бұған дейін ол осы көрсеткіш бойынша Гаэль Монфис және Рафаэль Надальмен бірге көш бастап тұрған еді. Енді сербиялық спортшы бұл көрсеткіш бойынша жеке рекорд иесіне айналды.

Келесі айналымда «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы Новак Джокович әлемнің 72-ракеткасы Александр Ковачевичпен кездеседі.

 

 

фото: Matthew Stockman/Getty Images