457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Новак Джокович Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

Бұған оның қарсыласы, чехиялық теннисші Якуб Меншиктің жарақатына байланысты турнирден бас тартуы себеп болды.

Новак Джокович Australian Open турнирінің ширек финалына жекпе-жексіз өтті, деп жазады malimsports.kz.   

Бұған оның қарсыласы, чехиялық теннисші Якуб Меншиктің жарақатына байланысты турнирден бас тартуы себеп болды.

ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) ресми сайтында хабарланғандай, Меншик Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турнирінің 1/8 финалындағы матчта сербиялық Джоковичке қарсы ойнай алмады. Оған іш бұлшықетінің жарақаты кедергі келтірген.

Әлемнің 17-ракеткасы атанған Меншик «Үлкен дулыға» турнирінде алғаш рет төртінші айналымға дейін жеткенін, әрі ойынды жалғастыру үшін бар күшін салғанын, алайда жарақатының асқынып кеткенін айтты.

Ширек финалда Новак Джокович италиялық Лоренцо Музеттиге (ATP рейтингінде 5-орын) немесе америкалық Тейлор Фрицке (9-орын) қарсы ойнайды.

Фото:  Getty Images