457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің финалында сынға түседі 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда 21 жастағы Гинек Бартонмен сынға түсті.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 293-ракеткасы Михаил Кукушкин Глазго (Ұлыбритания) челленджер турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 300-ракеткасы, чехиялық, 21 жастағы Гинек Бартонмен сынға түсті.

Бірінші партияда 38 жастағы Кукушкинге бір брейк жеткілікті болды - 6:4.

Есесіне екінші сетте Бартон 3:0 есебімен алға кетті. Бірақ қазақстандық спортшы таразы басын теңестіріп қана қоймай, тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:4).

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсекеде Кукушкин 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын құр жібермеді. Бартон 14 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин финалда әлемнің 215-ракеткасы, франциялық Клеман Шидехпен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 195-ракеткасы Тимофей Скатов Нонтхабури (Таиланд) челленджер турнирінің финалынан тыс қалды. Ол жартылай финалда күтпеген жерден 373-орындағы испаниялық Пол Мартин Тиффонға есе жіберді - 2:6, 4:6.

Фото: ҰОК