Мәзір
Теннис

Михаил Кукушкин Испаниядағы турнирде келесі айналымға өтті

Сабина Асқарқызы 104 қаралым
Михаил Кукушкин Испаниядағы турнирде келесі айналымға өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияның Мурсия қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінде 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемнің 285-ракеткасы саналатын қазақстандық спортшы алғашқы айналымда литвалық Эдас Бутвиласті екі сетте жеңді – 7:6 (7:4), 6:4. Бір сағат 40 минутқа созылған кездесуде Михаил Кукушкин бір эйс жасап, брейк-пойнттарын тиімді пайдаланды.

Енді ол ширек финалға шығу үшін испаниялық Роберто Карбальес Баэна немесе Николас Санчес-Искердопен кездеседі.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық Денис Евсеев іріктеу финалында польшалық Филипп Печонкадан жеңіліп, негізгі кезеңге өте алмады.

Ал жас теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 турнирінің финалында жаңазеландиялық Антон Шепкеге есе жіберді – 3:6, 6:7 (7:9).

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар