457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Михаил Кукушкин Франциядағы жарыстың ширек финалына шықты

Әлемнің 317-ракеткасы Михаил Кукушкин Лион челленджер турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті

Қазақстан теннисшісі, әлемнің 317-ракеткасы Михаил Кукушкин Лион (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады malimsports.kz.

Қазақпараттың хабарлауынша, жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған 37 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 168-ракеткасы, франциялық Люка ван Ашты қапы қалдырған.
Бірінші партияда Кукушкин айқын басымдылық көрсетті — 6:2.

Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте таразы басын өзіне аудара білді — 7:6 (7:5).

Екі сағатқа созылған бәсекеде М.Кукушкин 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Франциялық спортшы 10 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнттан ештеңе шығара алмады.

Осылайша, іріктеу сайысын қосқанда, қатарынан төрт жеңіске қол жеткізген Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 260-ракеткасы, тағы бір франциялық Том Пэриспен таласады. 

Қазіргі кезде қазақстандық теннисші ATP Live рейтингісінде 292-орынға көтеріліп тұр.

Фото: ҰОК