Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 254-орын) Францияның По қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінде алғашқы кездесуін өткізіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол іріктеу кезеңінде франциялық Робен Катримен (547-орын) кездесіп, 7-6, 6-3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 203 900 еуро, ал жеңімпаз 30 460 еуро мен 125 ATP ұпайын алады. Негізгі фаворит ретінде бірінші орынға ие бельгиялық Рафаэль Коллиньон (72-орын) көрсетілген.
Фото: ҚТФ