457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Михаил Кукушкин ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

11-19 қазан аралығында Алматы Аренада жүлде қоры миллион доллардан асатын ATP 250 Almaty Open турнирі өтіп жатыр.

Михаил Кукушкин Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама ала алмады, деп жазады malimsports.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінің финалында австралиялық Джеймс Даквортқа 4:6, 6:4, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.
«Әрине жеңіліс табу өте ауыр сезім. Көрермендеріңнің қолдауы барда бар күшіңді салғың келеді, бірақ кейде нәтиже басқа болады. Үйде ойнау әрқашан ерекше жауапкершілік, сондықтан осындай жеңіліс мен үшін өте ауыр болды» - деді Кукушкин.

11-19 қазан аралығында Алматы Аренада жүлде қоры миллион доллардан асатын ATP 250 Almaty Open турнирі өтіп жатыр.

Фото: ҚР теннис федерациясы