457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Miami Open турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалда Арина Соболенкоға жол берді

Финал жолдамасы сарапқа салынған тартысты бәсекеде отандасымыз Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өткен беделді WTA 1000 - Miami Open додасындағы өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Финал жолдамасы сарапқа салынған тартысты бәсекеде отандасымыз Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.
Әлемдік теннис көшбасшыларының текетіресі күтілгендей жоғары деңгейдегі қарқынмен өтті. Алғашқы партияда қос спортшы да жойқын соққылар мен шабуыл шебіндегі агрессивті тактикаға басымдық берді. Еленаның табанды қарсылығы мен басымдықты иеленуге тырысқан талпыныстарына қарамастан, сет соңында қарсыласы жинақылық танытып, есепті өз пайдасына шешті – 6:4.
Екінші кезеңде де Соболенко басымдығын нығайта түсіп, отандасымызға ойын ағымын өзгертуге мүмкіндік бермеді – 6:3.
Бұл теннисистердің өзара өткізген 17-ші кездесуі болды. Енді жеке текетірес есебі Соболенконың пайдасына 10:7 болып тұр. Miami Open титулы сарапқа салынатын шешуші матчта ол әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі