457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мажарстанның үздік теннисшілерінің бірі ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді

Мажарстанның үздік теннисшілерінің бірі Фабиан Марожан 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 санатындағы халықаралық Almaty Open турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды malimsports.kz.

26 жастағы теннисші қазіргі таңда ATP әлемдік рейтингінде 54-орында тұр. Марожанның мансабындағы ең жоғары көрсеткіші – 36-орын. Ол бұл межеге 2024 жылдың мамыр айында жеткен.

Биылғы маусымда мажарстандық теннисші ATP Tour жарыстарында тұрақты өнер көрсетіп келеді. Жыл басында ол Оклендтегі ATP 250 турнирінің жартылай финалына дейін жетсе, маусым айында Мальоркадағы шөп төсенішіндегі жарыста да осы нәтижесін қайталады. Испаниядағы турнир барысында Марожан үш кездесуінде жеңіске жетіп, жартылай финалда жарыстың болашақ чемпионы Алехандро Давидович-Фокинаға үш сетте есе жіберді.

Almaty Open ATP 250 дәстүрлі түрде мықты теннисшілердің басын қосатын және ATP Tour ресми күнтізбесіне кіретін халықаралық турнир. Бұл жарыс Қазақстандағы күзгі маусымның ең ірі халықаралық спорттық оқиғаларының бірі саналады және жыл сайын түрлі елдерден келген жанкүйерлердің назарын аударады.

 

Фото: ҚТФ